Сауда орталығындағы өртке қатысы бар үш адам ұсталды

0
1 586

Соңғы деректер бойынша Кемерово қаласында орналасқан сауда үйіндегі өрттен қаза болғандардың саны 48 ге жеткен. Сонымен бірге ресми дереккөздер өрттен 82 адамның зардап шеккенін хабарлады. Қазіргі уақытта 16 адамның із-түссіз жоғалып кеткенін ТЖМ ресми растады. Олардың ішінде балалар да бар.

Сауда орталығындағы өртке қатысы бар үш адам ұсталды

Кемерово қаласындағы «Қысқы мұнара» сауда үйіндегі өртке қатысы бар делінген үш адам ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Өрт оқиғасына байланысты Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінің 109, 219, 238-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың арасында сауда үйінің директоры Надежда Судденок бар. Қазір одан тергеу комитеті жауап алып жатыр.