Сенегал ауруханасында өрт болып, 11 нәресте қаза болды

0
484

Мемлекет басшысы қайтыс болған сәбилердің аналары мен отбасыларына көңіл айтты.


Сенегал ауруханасында өрт болып, 11 нәресте қаза болды

ERNUR.KZ. Сенегалдағы ауруханадағы өрт салдарынан жаңа туған 11 нәресте қаза болды. Бұл туралы ел президенті Маки Салл мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Мен аурухананың неонатология бөлімінде болған өрттің салдарынан 11 жаңа туған нәрестенің қаза болғанын жаңа ғана білдім", - деп жазды Twitter-де.

Мемлекет басшысы қайтыс болған сәбилердің аналары мен отбасыларына көңіл айтты.