Қаладағы мәйітханаға да осы уақытқа дейін 95 мәйіт жеткізілген.
ERNUR.KZ. Сьерра-Леоне астанасы Фритаун қаласында жанармай тасымалдайтын көлік жарылысы салдарынан қаза тапқандар саны 100-ден асты, деп жазады ҚазАқпарат.
Қаладағы мәйітханаға да осы уақытқа дейін 95 мәйіт жеткізілген.
Елдің денсаулық сақтау вице-министрі бұған дейін Reuters агенттігіне оқиға салдарынан 100-ден астам адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлім еткен.
Жарылыс сенбі күні, таңертеңгі уақытта жанармай таситын көлік апатқа ұшырағаннан кейін болды. Төгілген жанар-жағармайды жинауға тырысқан жұрт оның айналасына жиналған. Сол кезде отқа оранған көлік жарылған.
Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.