Кейбір ата-ана бұның тіпті емнен де артық көмектесетінін айтуда
ERNUR.KZ. Мысырлық шаштараз химиотерапиядан шашын жоғалтқан балаларға өз қалтасынан тегін парик жасап береді, деп жазады ktk.kz.
"Париктер мықты көмек береді, ол психологиялық демеу. Сондықтан осындай істі қолыма алдым. Балалардың қуанышы шашының түсіп қалғанын өтейді. Лара және басқа да науқас балалар жазылып кетсе деймін. Ал мен, бұл өмірде ең бақытты адаммын" - дейді шаштараз Самех Саллам.
Лара - Самех шаш сыйлаған 11-ші бала. Ешқандай қамқорлық ұйым, мемлекет тарапынан көмек көрсетілмейді. Барлық материалға кеткен шығынды ол өз қалтасынан төлейді. Бақытына орай оның әкесі парик жасаудың шебері және қай жерде парик қанша тұратынан жақсы біледі. Мәселе ақшада емес. Қыздың әкесі Самехтің көрсетіп жатқан психологиялық көмегі химиотерапиядай маңызды дейді.
"Бұл туралы бәрі білуі тиіс. Самехтің ісі - керемет. Кейбір ата-ана бұның тіпті емнен де артық көмектесетінін айтуда. Менің жеке ойым сол, Самехтің Лараға берген қамқоры мен қуанышы - бұл табыстың 50 пайызымен тең, - дейді Лараның әкесі.
Шығынға қарамастан, Самех бұнымен ғана шектелмейді. Ал балалардың ата-анасынан ақша алуға бас тартты. "Олар химиотерапияға көп ақша төлейді", - дейді шаштараз.