Ерлі-зайыпты ондаған жылдар бойы бірге тұрып келеді.
ERNUR.KZ. АҚШ тұрғыны әйелі баспалдақ маңына қалдырып кеткен етікке шалынып құлап, салдарынан үш рет ота жасатуға мәжбүр болды. Бұл жайтқа ашуланған азамат әйелін ақыры сотқа берді, деп жазады kaz.nur.kz.
Квинлендте тұратын азамат әйелінің аяқ киіміне шалынып, баспалдақтан құлап кеткен соң, жан жарын сотқа берді. Сот құжаттарына сәйкес, ер адам жертөле сатысының жоғарғы жағында әйелі қалдырып кеткен аяқ киімге шалынып құлаған. Ол оқыс жағдайдан бірнеше сүйегін сындырып, үш рет ота жасатып, еміне 80 мың доллардан астам қаражат жұмсаған.
Жәбірленуші құлаған сәтінде әйелінің өтініші бойынша үлкен қорапты көтеріп келе жатқандықтан, аяқ киімді көрмей қалғанын мәлімдеді. Әйелі өз кезегінде аяқ киімін жиі сол жерде қалдыратынын және бұл туралы күйеуіне ескерту керек деп ойламағанын алға тартты.
Сондай-ақ, ол күйеуі аяқ-киімнің кесірінен шалынып құлағананына сенімді еместігін де айтып қалды. Десе де әйелі болған оқиғаға өзін кінәлі санайтынын жасырмады.
Төреші аяқ киімнің ашық жерде жатқанын және ер адам аяғының астына қараса, оны еш кедергісіз көре алатынын негізге ала отырып, әйелін кінәсіз деп тапты. Осылайша ер адамның шағымын қанағаттандырмады.
Айта кетсек, ерлі-зайыпты ондаған жылдар бойы бірге тұрып келеді. Олар, 2015 жылы бір-бірімен танысып, 2017 жылы некелескен. Бүгінде олар әлі де бірге тұрып жатыр.