Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан қыздардың азапталғаны туралы хабар тараған.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда бұдан былай шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды арнайы тізімге енгізеді. Ондағы мақсат - қыздың болашақ тағдырынан хабар алып тұру, деп жазады centralasian.org.
Өзбекстан әйелдер комитеті арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқылады.
Жиын барысында сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, арнайы тізім жасақталатыны да айтылды.
Осыған дейін Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан өзбек қыздарының азапталғаны туралы хабар тараған. Өзбекстан елшілігі ол қыздардың төлқұжатын қалпына келтіріп, еліне қайтуға көмектескен.