Швецияда тағы да Құран өртелді

0
535

Оқиға 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған.


Швецияда тағы да Құран өртелді

ERNUR.KZ. Стокгольмда кезекті акция кезінде шведтік белсенді Джейд Сандберг Құранды өртеді, деп жазады inbusiness.kz.

Vesti.ru сайтының жазуынша, Швеция полициясының қорғауымен өткен акцияны A haber Түрік телеарнасы бұл мұсылмандардың қасиетті кітабын мазақ ету деп атады.

Құранды өртеу әрекеті 26 сәуір күні Стокгольмның бір шағын ауданында болған. Джейд Сандберг бұл әрекетін әлеуметтік желіге жүктеп, акцияны 3 мамыр күні Мальмда қайталайтынын жазған.

Швед полициясы 17 сәуір күні қоғамдық жиналыс өткізу арқылы Құранды өртейтін акция туралы өтінішті қабылдап, рұқсатын берген.

Енді қасиетті кітапты өртеу 3 мамыр күні "Евровидение" музыкалық конкурсы қарсаңында Густава Адольф алыңында өтеді деп жоспарланып отыр.