Сингапур билігі вакцинадан асқыну болса 7,5 мың доллар төлейді

0
2 547

Ал өлім немесе ауыр асқынулар жағдайында Үкімет 169 мың доллар береді.


Сингапур билігі вакцинадан асқыну болса 7,5 мың доллар төлейді

ERNUR.KZ. Сингапур билігі коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін жанама әсерлер болған жағдайда 10 мың сингапурлық доллар (7,5 мың доллар) төлейді, деп жазады Azattyq Ruhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа қаржылық бағдарламасы туралы The Straits Times газеті жазды.

«Бұл бастама тұрғындардың вакцинациялау қажеттілігіне деген сенімін арттыруға бағытталған», - делінген ведомствоның түсіндірмесінде.

Атап айтқанда, біржолғы төлем жағдайы қарқынды терапия бөлімшелеріне жатқызуды талап ететін адамдарға берілетін болады. Өлім немесе ауыр асқынулар жағдайында Үкімет 225 мың Сингапурлық доллар (169 мың доллар) төлейді.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағдарлама тек Сингапур азаматтарына ғана емес, сонымен қатар елде тұратын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне де арналғанын айтты.

«Коронавирусқа қарсы вакцинация өткен жылдың соңында басталды. Pfizer және BioNTech компанияларының вакциналарын медицина қызметкерлері, содан кейін Премьер-министр Ли Сян Лун бастаған Үкімет мүшелері, сондай-ақ тәуекел тобындағы азаматтар салдырды. Тұрғындарды вакциналау 27 қаңтардан басталды, көпшілік ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына қарай екпе жасай алады деп күтілуде», - делінген ақпаратта.