Сирия президентінің жарынан қатерлі ісік анықталды

0
958

8 тамызда Асма Асадтың ауруханаға жатқызылғаны туралы мәлім болды.


Сирия президентінің жарынан қатерлі ісік анықталды

ERNUR.KZ. Сирия президенті Башар Асадтың жары Асма әл-Асад қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін халқына үндеу жасады. Оның сөздері Сирия көшбасшысы кеңсесінің Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

"Мен әлемді табандылық, күшке үйреткен және қиындыққа тік қарай алатын халықтан шыққанмын. Менің батылдығым өткен уақыттағы сіздердің батылдық пен табандылықтарыңыздан пайда болды", - деп мәлімдеді ол дәрі тамызғыштан кейінгі байлаулы қолына қарамастан күлімсіреген суретін жариялап.

8 тамызда Асма Асадтың ауруханаға жатқызылғаны туралы мәлім болды.

Әйелде сүт безі ісігі бар екені анықталды. Ауру бастапқы кезеңінде анықталыпты.

Айта кеткен жөн, 11 тамызда Сирия президентінің жары 43 жасқа толды. Башар Асад Асмамен 2001 жылы үйленген. Сол жылы ұлы Хафез, 2003 жылы қызы Зейн, ал 2004 жылы ұлы Карим дүниеге келген.