Словакия әлемде бірінші болып темекі тұқылынан жол салады

0
580

Билік бұл көшелерді таза ұстауға және қалдықтарды тиімді пайдалануға септігін тигізеді деп үміттенеді.


Словакия әлемде бірінші болып темекі тұқылынан жол салады

ERNUR.KZ. Дүниежүзінде күн сайын тұтылатын 18 млрд темекі тұқылының үштен бірі ғана қоқыс жәшігіне немесе қайта өңдеу контейнеріне түседі. Словакия оларды кәдеге жаратудың жаңа әдісін тапты, деп жазады inform.kz.

Словакия астанасындағы коммуналдық қалдықтарды басқару компаниясы қалдық жинау және қайта өңдеу бойынша инновациялық жобаны іске қосты.

Қаладағы рождество жәрмеңкесі кезінде стандартты темекі сүзгілерін, заманауи темекі түрлерін және вейп жинауға арналған арнайы контейнерлер сынақтан өтті.

Қала билігі бұл материалды асфальт жасауға пайдалануды жоспарлап отыр.

Билік бұл көшелерді таза ұстауға және қалдықтарды тиімді пайдалануға септігін тигізеді деп үміттенеді.

Братиславадағы Odvoz a Likvidácia Odpadu (OLO) коммуналдық қалдықтарды басқару компаниясы 2024 жылдан бастап қоғамдық орында темекі тұқылына арналған контейнер орнатылатынын айтты.

Қайта өңдеудің өзі жаңалық болмаса да, темекі тұқылына арналған контейнерлер әлем бойынша бірінші рет қолданылмақшы.

SPAK-EKO және EcoButt компаниялары бірлесіп, темекі қалдықтарынан асфальт жасауды қолға алды.

— Көпшілік орындарға, фестиваль, жарыс, базар немесе басқа да қалалық іс-шараларға келушілер темекі тұқылын арнайы контейнерге тастаса, олар қоршаған ортаны тазартуға ғана емес, қалдықтың осы түрін жоюға да үлес қосар еді, — деді OLO компаниясының айналмалы экономика менеджері Мартина Чехова.