Словения Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады

0
393

Испания, Норвегия және Ирландия да 28 мамырда Палестинаны ресми түрде тануға шешім қабылдады.


Словения Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады

ERNUR.KZ. Словения Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады. Бұл туралы Словения үкіметінің X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде айтылды, деп жазады inform.kz.

Оппозициялық Словения Демократиялық партиясы (SDS) кеше, 4 маусымда парламент отырысы алдында парламентке ұсынған референдум туралы ұсынысын кері қайтарып алғаны хабарланды. SDS депутаттары шығып кеткен жиынға 90 орындық парламенттің 52-сі қатысып, Палестина мемлекетін тануға дауыс берді.

– Бүгінгі Палестинаны егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде тану Батыс жағалау мен Газа секторындағы Палестина халқына үміт береді, – деді Словения премьер-министрі Роберт Голоб әлеуметтік желідегі жазбасында.

Словенияның Палестинаны тануы

ОСД төрағасы Янез Янса дүйсенбі күні бұл шешім елге ұзақ мерзімді перспективада зиян тигізетінін айтып, референдум өткізуді талап етті. Өткен аптада Словения үкіметі Палестина мемлекетін тану мәселесін талқылаған жиын өткізді.

Премьер-министр Голоб жиналыстан кейін жасаған мәлімдемесінде халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі) тиісті қарарларына сәйкес Палестинаны 1967 жылғы шекарамен тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде тануға шешім қабылдағанын айтты.

Голоб бұл шешімнің парламент назарына ұсынылатынын да айтып, депутаттардан оны қолдауды сұрады. Испания, Норвегия және Ирландия да 28 мамырда Палестинаны ресми түрде тануға шешім қабылдады.