Су тасқынынан 400-ге жуық адам көз жұмды

0
1 458

Елде 8 мамыр күні қаралы күн жарияланды.


Су тасқынынан 400-ге жуық адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасында (КДР) нөсер жауын салдарынан Оңтүстік Киву провинциясында өзендер арнасынан тасыды. Жүздеген үйді су шайып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

КДР-да су тасқыны мен лай көшкінінен 394 адам қаза тапты. Бұл мәліметті табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Калехе округі әкімшілігінің қызметкері Томас Бакенга мәлім етті. Апта соңында болған ақжауыннан Оңтүстік Киву провинциясында өзендер суы жағадан асып, жүздеген үйді шайып кетті.

Елде 8 мамыр күні қаралы күн жарияланды. Адам өліміне алып келетін су тасқындары Оңтүстік Киву, сондай-ақ көрші Руанда мен Угандада сирек кездесетін жағдай емес.

Руандада соңғы уақытта болған үлкен судан 127 адам көз жұмды. Әдетте су тасқыны жылына екі рет келетін жаңбырлар маусымынан кейін болады.