Судандағы жағдайдан балалар қаза тауып жатыр

0
626

ЮНИСЕФ өкілдері бұл тек ірі шаһарлардан келіп түскен мәлімет екенін айтады.


Судандағы жағдайдан балалар қаза тауып жатыр

ERNUR.KZ. Судандағы қарулы қақтығыстың алғашқы 10 күнінің өзінде 200 бала көз жұмды, 1700-і жараланды, деп жазады "Хабар 24".

ЮНИСЕФ өкілдері бұл тек ірі шаһарлардан келіп түскен мәлімет екенін айтады. Шалғай өңірлердегі ахуал есепке алынбаған. Демек құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін.
Айта кетері, Шығыс Африкада орналасқан бұл мемлекетте сәуірдің ортасынан бері ел әскері мен жедел әрекет ету күштерінің арасында қарулы қақтығыс тоқтамай тұр. Сол уақыттан бері өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ықпалдасуымен бірнеше рет оқ атпау тәртібі жарияланды. Соңғы рет 72 сағаттық бітім жұма күні күшіне енген.