Суперинтеллект адамды "мысыққа" айналдырады - футуролог

0
2 655

Адам біреудің қамқорлығында екенін түсінбей де қалады, дейді маман.


Суперинтеллект адамды

ERNUR.KZ. Болжам бойынша, жасанды супертеллект 2070 жылға қарай жасалады. Футуролог Евгений Кузнецовтың айтуынша, адам суперинтеллектке үй жануарлары сияқты болады, оған қамқорлық көрсетеді, бірақ "иесінің" дамуына ықпал етпейді, деп жазады Tengrinews.kz.

Евгений Кузнецов суперинтеллект адамды "мысыққа" айналдырады, оған қамқорлық жасап, соғыс аштырмайды деп санайды. Оның айтуынша, адам біреудің қамқорлығында екенін түсінбей де қалады, дегенмен өмірінде жағымды өзгерістерді байқайды.

"Былтыр суперинтеллектті адам тарапынан бақылау жүйесін құру мүмкін емес деген теорема математикалық түрде дәлелденді, суперинтеллект әрқашан бақылау механизмін анықтап, одан кетіп қалатынын айтылды. Яғни, суперзиятты бақылау мүмкін емес деген сөз. Оларға жол ашқаннан кейін бізден тезірек және бізсіз де дамиды", - дейді футуролог.

Еске салайық, бұған дейін жасанды интеллект ғалымдарға Уильям Шекспир пьесасының жұмбағын шешуге көмектесті.