Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Өзбекстан астанасындағы ауруханалар мен перзентханаларға орталықтандырылған электр қуатын беретін генераторлар ортанылды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін gazeta.uz қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша абаттандыру қызметкерлеріне қолғап пен термос берілді. Одан бөлек жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлеріне ыстық тамақ пен шай ұсынылады.
Бұған дейін Өзбекстанның бірқатар аймақтарында, соның ішінде Ташкентте электр қуатын беруде ақаулар байқалғаны хабарланған болатын. Өзбек Энергетика министрлігі хабарлағандай, мұндай жағдай елдегі барлық электр энергиясының шамамен 90% өндіретін жылу электр станцияларында газдың жетіспеушілігінен туындайды. Осыған байланысты Ұлттық диспетчерлік орталық өңірлік кәсіпорындардан Өзбекстанның кінәсінен Орталық Азияның бүкіл энергия жүйесінде апат болмас үшін электр энергиясын тұтынуды азайтуды сұрады.
Сонымен қатар, Ташкент әкімшілігі қолда бар газ қорларын барлық тұтынушылар арасында біркелкі бөлуге тырысып жатқанын хабарлады, бірақ отын бәрібір жеткіліксіз. Осы себепті қоғамдық көліктен басқа барлық автомобильдерге газбен жанармай құю станцияларынан газ сатып алуды тоқтату туралы шешім қабылданды.
Өз кезегінде Өзбекстан астанасының жылумен жабдықтау жүйесін басқаратын Veolia Energy Tashkent компаниясы табиғи газдың тапшылығына байланысты қаланың жекелеген аудандарындағы қазандықтар қажетті температурада жылу шығармайтынын хабарлады. Бұл өз кезегінде жылыту сапасының нашарлауына әкеледі.