Татарстан ет жемейтіндермен күресіп жатыр

0
818

Татарстанда ата-аналарға балаларына ет жеуге рұқсат бермей, вегетариандық әдетке үйретуге заңмен тыйым салу ұсынылды.


Татарстан ет жемейтіндермен күресіп жатыр

ERNUR.KZ. Татарстанның балалар омбудсмені Ирина Волынецтің айтуынша, балаларға арналған вегетариандық және шикі диетаға заңнамалық деңгейде тыйым салынуы керек. Ол тиісті заңнамалық бастаманы Мемлекеттік Думаға жолдады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз Мемлекеттік Думаның отбасы, әйелдер мен балалар және денсаулық сақтау комитеттерінің жетекшілеріне кәмелетке толмаған балаларға қатысты вегетариандық және шикі диетаға заңнамалық деңгейде тыйым салуды қарастыру бастамасымен жүгіндік, өйткені балалардың күнделікті тамақтану рационында кейбір дәрумендер мен элементтердің жетіспеуі ауыр аурулар мен өлімге әкелуі мүмкін", — деп түсіндірді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл РИА-Новости тілшісіне.

Волынец Ресейде вегетариандық немесе кез-келген басқа тамақтану жүйесінің жақтаушы ата-аналар кесірінен балалардың қаза тауып жатқанын алға тартты. Сонымен қатар, балалардың қалыпты дамуы үшін барлық қоректік заттар мен микроэлементтер, дәрумендер мен минералдар қажет, ал тағамның кейбір түрлерінен бас тарту әртүрлі тапшылықтарға әкелуі мүмкін, мысалы, ақуыз, темір, кальций, мырыш, йод жетіспеушілігі. Жетіспеушілік ауыр ауруларға әкеледі — анемия, неврастения, даму жағынан артта қалу, моториканың бұзылуы, қалқанша безінің гормондарының теңгерімсіздігі және басқа да ауыр зардаптар.