Телефон жарылған: Оқушы онлайн сабақ кезінде қаза тапты

0
980

Вьетнамда ұялы телефон жарылып, нәтижесінде оқушы қайтыс болды.


Телефон жарылған: Оқушы онлайн сабақ кезінде қаза тапты

ERNUR.KZ. Онлайн сабақ кезінде ұялы телефон қуаттағышқа қосылып тұрған, деп жазады stan.kz.

Жарылыстан кейін бесінші сынып оқушысының киімі жанып, бала ауыр жарақат алған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бұл уақытта оқушы үйінде жалғыз болған. Көршілері шуды естіп, көмекке келгенін жазады.

Олар баланы ауруханаға жеткізген, бірақ алған жарақатынан ол бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Қайғылы жағдай туралы ақпаратты Вьетнам білім беру министрлігінде де растады.

Әзірге оқушының қандай модельдегі телефон және қандай қуаттағышты қолданғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеу бастаған, бірақ журналистердің мәліметінше, тустары қарсы болыпты.