Тихановская Беларусьтен кетті

0
511

Светлана Тихановская қауіпсіз жерде.


Тихановская Беларусьтен кетті

ERNUR.KZ. Беларусь президенттігінен үміткер Светлана Тихановская ел аумағынан шығып кетті. Бұл туралы Twitter-де Литва сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Светлана Тихановская қауіпсіз жерде. Ол Литвада, - деп жазды ол.

Беларусьте қатарынан екінші күн бойы көшелерде наразылық шерулері тоқтамай, шерушілер мен күштік құрылымдар арасында қақтығыс жүріп жатыр. Халық 9 тамыздағы президент сайлануының нәтижесімен келіспейді.

Экзитполдар деректерінше, Александр Лукашенко 80%-дан астам дауыс алған, ал оппозиция лидері Тихановскаяға берілген дауыстар 10 пайыздан да төмен. Әлеуметтік желілерде тарап жатқан жазбаларға қарағанда, күшті құрылымдар тарапынан арнайы техника, су шашатын құралдар, жарық-шу әсерлі гранаталар мен резіңке оқтар қолданылуда. Ресми деректер өткен түнде жасақтар жағынан 39 адам, азаматтар арасында 50-ден астам адам жараланған дейді. Бейресми деректер кісі өлімдері туралы хабарлап жатыр.