Іс-шараға 10 мыңнан астам адам мен 125 қару-жарақ, әскери техника қатысады деп жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс парадына қатысу үшін шетелдік қонақтармен бірге Қызыл алаңға келді, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгін Мәскеуге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының жиналуы өте маңызды. Бұдан мен ата-бабаларымыздың ерлігіне деген ізгілікті көзқарасты көріп отырмын", - деді Путин құттықтау сөзінде.
Сейсенбі күні Ресей астанасындағы Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығына арналған парад басталды. Мәскеуге Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения басшысы Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев келді.
Іс-шараға 10 мыңнан астам адам мен 125 қару-жарақ, әскери техника қатысады деп жоспарлануда.