Токио Олимпиадасы: коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

0
703

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Токио 2020 ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар құрамындағы шетел азаматынан коронавирус анықталғанын растаған.


Токио Олимпиадасы: коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

ERNUR.KZ. Токиодағы Олимпиада ауылында COVID-19 вирусын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz. Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Токио 2020 ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тосиро Муто Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар құрамындағы шетел азаматынан коронавирус анықталғанын растаған. Алайда ол вирусты кім жұқтырғанын, оның ұлтын айтпаған. Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, 1 шілдеден бері 45 адамнан COVID-19 вирусы анықталған.


Бүгін коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған 15 адамнан вирус анықталған: Олимпиада ойындарының өтуін қамтамасыз ететін 7 қызметкер, делегациядан 6 адам, 2 журналист. Оның 8-і шетелдік.

Биыл дүбірлі дода 23 шілде – 8 тамыз аралығында көрермендерсіз өтеді.