АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі бүгін өтеді.
ERNUR.KZ. Дональд Трамп қызметінен кетер алдында АҚШ халқына қоштасу бейнеүндеуін жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Онда мемлекет басында болған 4 жыл ішіндегі өзінің жетістіктерімен бөлісіп, Ақ үйдің жаңа басшысына сәттілік тіледі. Өзінің президенттік қызметте болғанда бірде бір соғыс ашпағанын мақтанышпен айтып, халықаралық аренада талай жетістіктерге жеткенін білдірді.
Айта кетейік, АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі бүгін өтеді. Дәстүр бойынша Трамп Ақ үйде Байденмен кездесіп, онымен бірге Капитолийге баруы керек еді. Алайда бұл жолы Трамп ұлықтау рәсіміне қатыспайтынын жариялады.
– АҚШ-тың 45-президенті ретінде сіздермен бірге қол жеткізген жетістіктерімді мақтанышпен айта аламын. Еліміз үшін қолдан келгенше тырысып бақтық. Жаңа әкімшілікке де сәттілік тілеймін, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.