Трамп коронавирус үшін Қытайдан 10 триллион доллар өтемақы талап етті

0
567

Ақ үйдің бұрынғы басшысы COVID-19-ды "Қытай вирусы" деп атады.


Трамп коронавирус үшін Қытайдан 10 триллион доллар өтемақы талап етті

ERNUR.KZ. АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Қытай коронавирус пандемиясы үшін өтемақы ретінде басқа елдерге кем дегенде 10 триллион доллар төлеуі керек деп санайды. Бұл туралы саясаткер Солтүстік Каролинада өткен республикалық конгресте айтты, деп жазады Stan.kz.

“Америка мен бүкіл әлем Қытай коммунистік партиясынан өтемақы мен жауапкершілікті талап ететін уақыт келді. Біз бірауыздан Қытай төлеуі керек деп мәлімдеуіміз керек”, - деді Трамп.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы тағы бір рет COVID-19-ды "Қытай вирусы" деп атап, АҚШ экономикасы 16 триллион доллар шығынға ұшырағанын айтты.

Өтемақы төлеуден басқа, Трамп ҚХР-дан келген барлық тауарларға 100 пайыздық баж салығын енгізуге шақырды.

Саясаткердің пікірінше, егер Қытай коронавирус үшін өтемақы төлесе, онда ол қарулы күштердің дамуын тоқтатуға мәжбүр болады, ал америкалық компаниялар өндірістерін Штаттарға көшіреді.