Трампты өлтірмек болған адамның кім екені белгілі болды

0
688

Оны Құпия қызмет снайперлері өлтірді.


Трампты өлтірмек болған адамның кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұрынғы президент Дональд Трампқа оқ атқан 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Пенсильвания штатындағы Бетел-парк тұрғыны Томас Крукс Питтсбург маңындағы Батлер көшелеріндегі митингіде оқ жаудырды, оқтың бірі Трамптың құлағына тиді.

"Крукс Butler Farm Show сахнасынан 130 ярд қашықтықта орналасқан өндірістік ғимараттың төбесінде болды", – дейді New York Post басылымында.

Оны Құпия қызмет снайперлері өлтірді. Оның мылтығы кейінірек табылды.

Бетел паркі – Батлердегі митинг алаңынан оңтүстікке қарай 40 миль қашықтықта орналасқан ауыл.

Крукстың республикашыл президенттікке болжамды кандидатты не себепті атқаны белгісіз.