Түрікменстан Ресейге газ тасымалын тоқтатты

0
493


Түрікменстан Ресейге газ тасымалын тоқтатты

ERNUR.KZ. Түрікменстан Ресейдің «Газпром» компаниясына табиғи газ жеткізуді тоқтатты, себебі тараптар жаңа газ бағасы бойынша келісімге келе алмаған, деп жазады Ulysmedia.kz.




Бұл туралы «Түрікменгаз» мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаев «Түрікменстан мұнайs және газы – 2024» халықаралық көрмесі мен конференциясы аясында өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

“Шартта осы кезеңде бағаларды қайта қарастыру көзделген. Егер тараптар баға бойынша келісе алса, келісімді ұзарту мүмкін еді. Біз коммерциялық жағдайлар бойынша келіссөздер жүргіздік, бірақ ортақ келісімге келе алмадық. Сондықтан келісімшарт талаптарына сәйкес, тараптар келісімге келмесе, 30 маусымнан бастап келісім тоқтатылуы тиіс болатын. Біз солай жасадық,” – деді ол.


Мақсат Бабаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта «Түрікменгаз» түрлі газ сатып алушылармен келіссөз жүргізіп жатыр.

“Қазір бізде қарқынды өзгерістер болып жатыр. Солтүстік, батыс, шығыс тараптарынан сұраныс артып келеді. Әр күн сайын әртүрлі сатып алушылармен келіссөздер кезеңінде боламыз деуге болады. Түрікменстан әрдайым экспорттық маршруттарды әртараптандыруды жақтаған. Бүгінде біз жаңа маршруттарға және қолданыстағы келісімшарттар немесе бағыттар бойынша газ көлемін арттыруға мүдделіміз,” – деп қосты мемлекеттік концерн басшысы.