Түркіменстанда нан сатып алу үшін анықтама керек

0
2 539

Қағазды алу үшін тұрғындар газ, су, және электр қуаты ақысы төленгені туралы квитанция тапсыруы керек.


Түркіменстанда нан сатып алу үшін анықтама керек

ERNUR.KZ. Түркіменстанда Мары уәлаятының тұрғындары мемлекеттік дүкендерден нан сатып алу үшін анықтама екенін айтты. Тұрғындар ол анықтаманы алу өте қиын деп отыр, деп жазады centralasian.org.

Мары уәлаятындағы мемлекеттік дүкендер 12 қаңтарда нанды анықтамасы барларға ғана сатты. Отбасы мүшелері туралы анықтаманы жергілікті үй басқармалары береді. Қағазды алу үшін тұрғындар газ, су, және электр қуаты ақысы төленгені туралы квитанция тапсыруы керек. Квитанция алу үшін де тұрғындар үй басқармасынан тұрғылықты мекен туралы анықтама сұрауы тиіс.

Мары тұрғындары енді мемлекеттік дүкендерге, үй басқармаларына және коммуналдық төлемдер мекемесіне жүгіріп жүр. Басқа амал жоқ. Арзан нан мемлекеттік дүкендерде ғана сатылады.

12 қаңтарда мемлекеттік дүкендердің алдына көп адам жиналды. Сатушылар олардан анықтама талап етті.

"Анықтаманы ертең әкелеміз. Бүгін нан беріңіз дегендер болды. Бірақ олардың өтініші орындалмады", - деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Түркіменстанда бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарыс болып жатыр. Азық-түлік қымбат. Халықтың суға, газға және жарыққа төлейтін ақшасы жоқ.