Түркия астанасында көпір ұрланды

0
1 135

Жоғалған көпірді тәртіп сақшылары байқаған.


Түркия астанасында көпір ұрланды
ERNUR.KZ. Анкарада бір топ ер адам көпірді бөлшектеп, 500 келі темірді өткізіп жіберген, деп жазады Zakon.kz.

Жоғалған көпірді тәртіп сақшылары байқаған. Ал жергілікті тұрғындар өткел биліктің шешімімен бұзылды деп топшылапты. Тұрғындардың айтуынша, ұрланған нысан 1936 жылы салынған.

Шамамен 40 жыл бұрын су тасқыны кезінде зақымданған көпірді бірнеше адам арнайы техниканың көмегімен (бульдозерлер мен жүк көліктері) төрт күн бойы бұзған. Темірін алып, бетон тіреуіштерін қалдырған.

Ұрылар 70 тоннаға жуық металлды темір өткізу орындарына сатқан.