Қазіргі уақытта екі тарап пен АҚШ алдын ала келіссөздер сатысында тұр.
фото: СС0 / bsulunhat
ERNUR.KZ. Түркия Ресей мен Украинаға өз аумағында келіссөздер жүргізуді тағы бір рет ұсынды, деді Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан, деп жазады sputnik.kz.
"Біз екі жаққа біздің аумақта келіссөздер жүргізуді ұсынып отырмыз. Қазіргі уақытта екі тарап пен АҚШ алдын ала келіссөздер сатысында тұр. Мен АҚШ-тың қазір бейбітшілік жоспарын әзірлеп жатқандай әсер алдым", - деді Фидан Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында TRT World арнасына берген сұхбатында.
Бірқатар еуропалық көшбасшының Украина бойынша келіссөздер жүргізу кезінде ЕО-мен кеңесу керек деген мәлімдемелеріне түсініктеме бере отырып, Фидан олардың "белгілі бір мәнде дұрыс айтқанын" мәлімдеді.
"Еуропамен кеңесу керек, олар Түркия сияқты бұл күш-жігерге қатысуы керек. Біз олардың келіссөз үстелінде отыру құқығын мойындаймыз, бірақ, өкінішке қарай, біз олардан мұны байқамаймыз. Себебі, олар көбінесе Түркияның келіссөздер процесіне қатысуға құқығы бар деп айтпайды", - деді министр.