Түркияда ер адам өзінің жаназасында тіріліп кетті

0
329

Жерлеу рәсімі кезінде табыттан айқай естіле бастаған.


Түркияда ер адам өзінің жаназасында тіріліп кетті

Фото: wsj.com

ERNUR.KZ. Ыстанбұлдың Фатих ауданында таңғажайып оқиға болды: қайтыс болды деп есептелген 80 жастағы Халит Байшу өзінің жерлеу рәсімі кезінде күтпеген жерден табытта оянып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

NTV телеарнасының хабарлауынша, Байшу тамақ қатерлі ісігінен емделіп жатқан және бір кезде ол өмір белгісі жоғалған күйде табылған. Оның денесі жерлеу намазын оқу үшін Айвансарайдағы қажы Ілияс Скимитар мешітіне жеткізілген.

"Бұрын біз мұны тек кинода көретін едік, енді оны шынайы өмірде де көрдік", — дейді марқұмның ұлы Игіт.

Байшудың қызы әкесінің көмек сұрағанын айтқан. Рәсімге қатысушылар шошып кеткен. Көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем келіп, ер адамды ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.