Дегенмен мамандар әзірге дабыл қағып, карантин жариялайтындай қауіп жоқ деп отыр.
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ERNUR.KZ. Түркияда коронавирустың жаңа ХЕС (икс е си) варианты тарала бастады. Бұған дейін Ресей мен Еуропа елдерінде ғана кездескен вирус Түркияда да көбейіп келеді, деп жазады zakon.kz.
Әсіресе мектептер мен университеттерде сабақ басталғалы тұмаудың бұл түрімен ауыратындар саны артқан.
Дегенмен мамандар әзірге дабыл қағып, карантин жариялайтындай қауіп жоқ деп отыр.
Дегенмен жасы ұлғайған кісілер мен созылмалы науқасқа шалдыққан адамдардың вакцина алғаны жөн дейді дәрігерлер.
"Бұл вирустың бір ерекшелігі – ең алдымен тыныс жолдарын бітейді. Дегенмен өкпе қабынуы өте сирек болады. Коронавирустың жаңа түрлері бұрынғыларына қарағанда тезірек тарайды. Сондықтан әрдайым қол жуып, үйдің ауасын тазартып, көпшілік орындарды маска тағып жүру арқылы вирустан сақтанған жөн", - дейді Синем Илиаз, дәрігер.