Түркияда күшті жер сілкінісі болды

0
251

Жер сілкінісінен кейін сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген.


Түркияда күшті жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Түркияда күшті жер сілкінісі болды, деп жазады baq.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, 6 балдық жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған.

Ошақ шамамен он шақырым тереңдікте болған. Құрбандар мен қирап қалған ғимараттар туралы ақпарат әлі жоқ.

Жер сілкінісінен кейін сейсмологтар 20-дан астам афтершок тіркеген.