Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейінгі кездері Гүленнің денсаулығы нашарлап кеткен.
Фото: ria.ru
ERNUR.KZ. Түрік ақпарат құралдары 2016 жылы төңкеріс жасамақ болды деп айыпталған "Хизмет" ұйымының мүшесі, діни қызметкер Фетхуллах Гүленнің қайтыс болғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
БАҚ мәліметінше, Американың Пенсильвания штатында тұратын FETО (Фетхуллашы лаңкестік ұйым) ұйымының жетекшісі Фетхуллах Гүлен қайтыс болды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейінгі кездері Гүленнің денсаулығы нашарлап кеткен. Бүйрек жеткіліксіздігі мен қант диабетімен қатар, ақыл-есі ауыса бастаған.
Айта кетейік, түрік билігі FETО (Фетхуллашы лаңкестік ұйым) деп атайтын Гүлен ұйымын 2016 жылғы шілдедегі төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп айыптайды. Түркияда көтерілістен кейін 80 мыңнан астам адам тұтқындалды. 150 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер, соның ішінде әскерилер жұмыстан шығарылды. АҚШ-та болған Гүлен төңкеріс әрекетіне айыпталды. Дегенмен Гүлен өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.