Түркияда ұлтшыл топтың белгісі бар адам мешітке теракт жасады

0
347

Зардап шеккендер бар.


Түркияда ұлтшыл топтың белгісі бар адам мешітке теракт жасады

ERNUR.KZ. Түркияның Эскишехир қаласындағы Тепебаши мешітінде теракт болды, деп жазады inbusiness.kz.

Мешітке пышақ пен балтамен қаруланған, қара киінген ер адам басып кірген. Оның киімдерінде ұлтшыл “Мертвая голова" танктік дивизиясының белгілері болған. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар.

Лаңкес шайханада отырған бес адамды пышақтап кеткен екен. Полиция патрулі жақын жерде болып, оны дереу ұстады. Анықталғандай, шабуылдан кейін лаңкес қашып кетпек болған, бірақ тәртіп сақшылары оны тез арада қолға түсірген.

Зардап шеккен бес адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Алайда олардың екеуіауыр халде. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін күресіп жатыр.