Жер сілкінісінің ошағы 12,85 шақырым тереңдікте жатқаны белгілі.
ERNUR.KZ. Түркияның солтүстік-шығысында 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Anadolu Ajansı жазуынша, дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 12.02-де Ризе провинциясында болған.
Эпицентрі – Хемшин ауданы. Жер сілкінісінің ошағы 12,85 шақырым тереңдікте жатқаны белгілі.
Сонымен қатар Түркияның Элязыг қаласында 5 балдық жер сілкінісі болды.
Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) веб-сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 5 балдық жер сілкінісі Элязыгте сағат 17.04 шамасында тіркелген.
Жер сілкінісі 16,22 шақырым тереңдікте болды және Диярбакырда да сезілді.
Элязыг қаласы басшылығының мәлімдемесіне сәйкес сағат 17.20-дағы жағдай бойынша AFAD жер сілкінісінен кейін 112 сенім телефонына ешқандай қирау туралы хабарлама келмегенін атап өтті.