Бүлдіршін - дін-аман, ал оның анасын шығаруға құтқарушылар төрт сағаттарын жұмсаған.
ERNUR.KZ. Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін жүргізіліп жатқан құтқару жұмыстарының нәтижесінде үйдің үйінділерінің астынан екі жасар қыз бен оның анасы тірі күйінде табылды, деп жазады Stan.kz.
Түркия БАҚ-тың мәліметіне сәйкес, Элязыг қаласында қыз бала мен анасы топырақ үйінділерінің астында бір тәуліктен астам уақыт болған. Бүлдіршін - дін-аман, ал оның анасын шығаруға құтқарушылар төрт сағаттарын жұмсапты. Олар әйелмен сөйлесу арқылы жұмыс атқарып отырған. Екеуі де шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліпті.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда ауыр жер сілкінісі болғаны жайлы айтылған еді. Алғашында 20 адам көз жұмды деп айтылған, қазіргі кезде олардың саны 31-ге артыпты.