Түркия БҰҰ-ға елдің атын шет тілдерінде жазуды өзгерту туралы ресми өтініш берді.
ERNUR.KZ. Түркияның халықаралық атауы Türkiye болып өзгерді, деп жазады tengrinews.kz.
Түркия БҰҰ-ға елдің атын шет тілдерінде жазуды өзгерту туралы ресми өтініш берді. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында айтты.
Дипломат бұл жаңалық Анкараның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған қадамдары аясында қабылданғанын атап өтті.
"Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен елдің беделін көтеру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысының атына жолдаған хатым бойынша, еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде Türkiye деп тіркейміз. Тек жақсылыққа бастасын!", - деп жазды Чавушоглу.
Осылайша, бұдан былай Turkiye ("Туркийе") атауы барлық халықаралық форумда және ресми құжатта қолданылады. Бұрын Turkey, Turkei, Turquie деп жазылған.