Түркияның қонақ үйлерінде қандалалар қаптап тұр

0
252

Қонақ үйлер дезинсекция жұмыстарын жүргізгенімен, көп ұзамай осы мәселеге қайта тап болуда.


Түркияның қонақ үйлерінде қандалалар қаптап тұр

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Антальядағы қонақ үйлер жаппай қандала шабуылына тап болды, деп жазады zakon.kz.

Milliyet ақпаратынша, соңғы күндері қонақүйлер мен ауруханаларға жәндіктерден зардап шеккен адамдардың қоңыраулары үздіксіз түсіп жатыр. Зиянкестердің ұяшықтары төсектер мен шкафтардан табылды.

Қонақ үйлер дезинсекция жұмыстарын жүргізгенімен, көп ұзамай осы мәселеге қайта тап болуда.

Жерорта теңізі университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры Хусейн Четиннің айтуынша, паразиттік жұмыртқалар туристердің арқасында тез таралып жатыр.

Бұған дейін Түркия әуежайынан жойылып кету қаупі төнген қолтырауындар мен кесірткелер табылғандығы хабарланды.