Photo credit: @disseshaber/ X (Twitter)
ERNUR.KZ. Дүйсенбі күні Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында Грекиядан келе жатқан туристік автобус жолдан шығып кетіп, 37 жолаушы жарақат алды, деп жазады inform.kz.
Оқыс оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:00–де болды. Түркияның батысындағы Измир порттық қаласына бағыт алған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Автобуста 42 жолаушы болған көрінеді.
Қоғамдық көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылып, тоқтаған, деп хабарлайды агенттік.
Оқиға орнына медицина қызметкерлері мен іздеу-құтқару топтары жөнелтілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.