Үкімет бюджет ақшасын көбейту үшін темекі шегуге тыйым салатын заңнан бас тартуы мүмкін

0
583

Жаңа Зеландияда өлімнің негізгі себептерінің бірі темекі шегуден болады.


Үкімет бюджет ақшасын көбейту үшін темекі шегуге тыйым салатын заңнан бас тартуы мүмкін

ERNUR.KZ. Жаңа Зеландия үкіметі мемлекет қазынасын толтыру үшін темекі шегуге тыйым салу туралы заңның күшін жоймақ, деп жазады stan.kz.

Үкіметке Джакинда Ардерн басшылық еткен кезде 2008 жылдан кейін туған кез келген адамға 2024 жылдан бастап темекі мен темекі өнімдерін сатуға өмір бойына тыйым салу туралы заң шығарылған болатын.

Елде темекі шегуден бас тарту науқаны аясында темекі өнімдерін бөлшек саудада сатуға шектеулер енгізіліп, никотин сақтаудың деңгейі төмендеген еді. Зерттеулер көрсеткендей, мұндай шаралар жылына бес мыңға жуық адамды зиянды нәреден құтқара алады.

Алайда өткен сенбіде елдің қаржы министрі Никола Уиллис темекіге қарсы реформаның күшін жойғанын мәлімдеді. Бұған негізгі себеп ел бюджетін толықтыруға қажеттілік екен.

"Темекі шегуге қарсы заңнама мемлекеттік қазынаға айтарлықтай әсер етті. Шамамен қазынаны 1 миллиард доллардан айырғанын есте ұстауымыз керек", - деді Уиллис.

Жаңа Зеландияда өлімнің негізгі себептерінің бірі темекі шегуден болады. Алдыңғы үкімет 2025 жылға қарай елдегі шылым шегушілер санын 5 пайызға дейін қысқартып, темекіден мүлдем бас тартуды мақсат еткен болатын.

Сондықтан денсаулық сақтау мамандары жаңа үкіметтің бұл заңнан бас тарту туралы мәлімдемесін қатаң сынға алды.

"Жаңа Зеландиядағы денсаулық сақтау ұйымдарының көпшілігі үкіметтің бұл ұсынысынан шошуда және бұл шешімді қайта қарауға шақырады", - деді Отаго университетінің профессоры және қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы Ричард Эдвардс.

Енді темекіге қарсы заңның күшін жоюды Жаңа Зеландия парламенті қолдаса күшіне енеді.

Дәл осы шылымға қарсы заң бұрын да Жаңа Зеландия кәсіпорындарының қарсылығын тудырған болатын. Себебі кәсіпкерлер көбіне темекіден түсетін табыстарынан айырылғанын айтып шағымданды.

Ал кейбір заң шығарушылар мен жаңа премьер-министр Крис Лаксон мұндай тыйым темекінің заңсыз таралымына әсер етеді деп сендірді.