Үкімет мүшелеріне Telegram мен WhatsApp қолдануға тыйым салынды

0
736

Шенеуніктер 8 желтоқсаннан кешіктірмей отандық Olvid хабар алмасу қосымшасын орнатуы қажет.


Үкімет мүшелеріне Telegram мен WhatsApp қолдануға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Францияда үкімет мүшелеріне Telegram, WhatsApp және Signal қолданбаларын пайдаланбауға нұсқау берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Басылымның хабарлауынша, премьер-министр кеңсесінен жіберілген нұсқаулықта үкімет өкілдерінен телефондарындағы Telegram, WhatsApp және Signal хабар алмасу қолданбаларын жою сұралған.

Құпия ақпараттар айтылатын кеңестердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нұсқаулықта үкімет мүшелері Olvid отандық хабар алмасу қосымшасын 8 желтоқсаннан кешіктірмей орнатуы қажет екені ескерілген.

Бұдан бөлек, құжатта Olvid қосымшасының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық агенттік (ANSSI) беретін "бірінші деңгейлі қауіпсіздік сертификатын алған жалғыз қосымша" екені де айтылған.

Айта кетейік, Olvid компаниясын 2019 жылы француз киберқауіпсіздік сарапшылары жасап шығарған.