Украина Ресейдің Белгород облысына шабуыл жасап, бес адам қаза тапты

0
245

Облыс губернаторы Вячеслав Гладков соққыға Украина Қарулы күштерін кінәлады.


Украина Ресейдің Белгород облысына шабуыл жасап, бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресейдің Белгород облысындағы Ракитное ауылын атқылау кезінде бес адам қаза тауып, 10-нан астамы жараланды, деп жазады stan.kz.

Облыс губернаторы Вячеслав Гладков соққыға Украина Қарулы күштерін кінәлады. Гладковтың сөзінше, жараланған алты адамның жағдайы ауыр, оның үшеуі бала. 10 жеке үй мен газ құбыры зақымданыпты.

Ракитное ауылы облыстың батысында, Украина шекарасынан алыс емес жерде орналасқан. Сондай-ақ Украина әскерилері 6 тамыздан бері шабуыл жасап, бірқатар елді мекендерді бақылауға алған Курск облысындағы ұрыс алаңында жақын маңда.

Украина әскерилері соққыға қатысты пікір білдірмеді. Белгород облысының аумағын атқылау туралы күн сайын хабар тарап жатыр. Сонымен қатар, осы аумақтан көршілес Украина облыстарын да атқылау жүргізіліп отыр.

Ресейдің Украинаға соғысы басталғаннан бері екі жарым жыл ішінде Белгород облысында қаза болған тұрғындардың саны 200-ден асты.

Айта кетейік, бұған дейін 8 тамызда Украина Ресейдің Курск облысына басып кірген еді. Әскери сарапшылардың көпшілігі бұл ресейлік әскердің негізгі майдандағы позициясын әлсіретеді дейді. Себебі олар өз күштерінің бір бөлігін басқа жерге көшіруге мәжбүр болады екен.