Украинаның қазіргі билігін құлатуды көздеп отырған жоқпыз – Ресей СІМ

0
498

Захарова Ресейдің Украинадағы әскери әрекеті жоспарға сәйкес жүріп жатқанын мәлімдеді.


Украинаның қазіргі билігін құлатуды көздеп отырған жоқпыз – Ресей СІМ

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресейдің Украинадағы "арнайы әскери операциясы" елдегі қазіргі билікті құлатуға бағытталмағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Мәскеудің қазіргі әрекетінің мақсаты – Донецк және Луганск халық республикаларын қорғау, Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау, Ресейге төніп тұрған әскери қауіпті жою. НАТО елдерінің Украинаға ықпал етуі РФ-ға қауіп төндіруде деген пікірде Захарова.

"Операцияның түпкі мақсаты Украинаны басып алу, оның мемлекеттілігін жою, қазіргі билікті құлату да емес", – деді Ресей СІМ өкілі.

Сондай-ақ ол Ресейдің Украинадағы әскери әрекеті жоспарға сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.