3 қаңтарда Израильдің Times of Israel газеті үкіметтік дереккөздерге сілтеме жасап, Израильдің Газа секторынан палестиналықтарды басқа елдерге «ерікті түрде» қоныстандырумен айналысып жатқанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі палестиналықтарды Газа секторынан тыс жерлерге көшіру туралы кез келген ұсынысты үзілді-кесілді қабылдамайтынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
«Газа секторы оккупацияланған Палестина территориясы және болашақ Палестина мемлекетінің бөлігі болады. Ұлыбритания палестиналықтарды Газа секторынан тыс жерлерге орналастыру туралы кез келген ұсынысты үзілді-кесілді қабылдамайды», - деді сәрсенбіде Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілі.«Біз одақтастарымыз бен серіктестеріміздің Газа секторы тұрғындарының ол аймақтан мәжбүрлі түрде көшірілуіне алаңдаушылығын бөлісеміз», - деп қосты ол.
Айта кетейік, 3 қаңтарда Израильдің Times of Israel газеті үкіметтік дереккөздерге сілтеме жасап, Израильдің Газа секторынан палестиналықтарды басқа елдерге «ерікті түрде» қоныстандырумен айналысып жатқанын хабарлады.