Ұлыбританиядағы Жалпы сайлау күні бекітілді

0
322

Қысқа мәтінді баяндамасында премьер өз үкіметінің қиын кезеңде қол жеткізген жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті.


Ұлыбританиядағы Жалпы сайлау күні бекітілді

ERNUR.KZ. Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак билік партиясына дауыс беру күнін 4 шілде деп бекітті. Ол Чарльз III-ші патшадан саяси науқан алдында ресми талаптарға сәйкес парламентті таратуды сұрағанын атап өтті, деп жазады inform.kz.

«Бүгін мен Ұлы мәртебелімен парламентті тарату туралы сөйлестім. Патша бұл өтінішімді қанағаттандырды және 4 шілдеде Жалпы сайлау өтеді», — деп ол қатты жаңбыр астында тұрып, Даунинг-стриттегі резиденцияның алдында мәлімдеме жасады.

Қысқа мәтінді баяндамасында премьер өз үкіметінің қиын кезеңде қол жеткізген жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті.

«Экономикалық тұрақтылық — кез-келген табыстың негізі. Британ экономикасы қарқынды өсуді жалғастырып жатыр және инфляция қалыпты деңгейге оралды», — деді ол.

Сунактың айтуынша, алда не болатыны беймәлім, бірақ оның және оның үкіметінің нақты жоспары бар. Ол сондай-ақ лейбористерді сынға алып, келесі бірнеше апта ішінде әрбір дауыс үшін күресетінін мәлімдеді.

Оппозициялық Лейбористер партиясының көшбасшысы Кир Стармер болса, бұл Ұлыбритания асыға күткен күн деп үн қосты. Оның айтуынша, ел мен қоғамды өзгертетін уақыт келіп жетті.

Консерваторлар қоғамдық пікір зерттеулеріне сәйкес лейбористерден айтарлықтай артта қалып отыр. Билік партиясы 2022 жылдың соңында рекордтық деңгейге жеткен инфляцияны ырыққа көндіргеніне қарамастан көпшіліктің бетін бері қарата алмады.