Үндістанда керме көпір құлады – 132 адам көз жұмды

0
535

Керме көпір құлағанда оның үстінде 500-ден астам адам тұрған.


Үндістанда керме көпір құлады – 132 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Үндістанның Гуджарат штатында төтенше жағдай болды. Керме көпірде тұрған жүздеген адам суға құлап кетті. 132 адам қаза болды, деп жазады sputnik.kz.



Мачху бөгетінде орналасқан көпір 140 жыл бұрын салынған. Соңғы екі жыл жабық болды. Бұған дейін жөндеу жұмыстары басталып, биыл 26 қазанда аяқталған.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, керме көпір құлағанда оның үстінде 500-ден астам адам тұрған. Балалар да көп болған. Барлығы жергілікті мейрамдарға арналған дәстүрлі әдет-ғұрыпты жасауға жиналды. Апат кезінде 350-ден астам адам суға құлап кетті. 177-сі құтқарылды.
Төтенше жағдай жексенбі күні кешкі сағат 18:42-де болған. Құтқару операциясы басталды. Оған әскерилер, сондай-ақ, теңіз флоты мен әуе күштері де тартылды.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Гуджарат және Раджастхан штаттарына үш күндік сапармен шыққан. Енді төтенше жағдайға байланысты бұқаралық шараларға қатыспайтын болды. Моди апат болған жерге баруы мүмкін.