Үндістанда коронавирустың «Дельта плюс» штамы үрей туғызып отыр

0
467

«Дельта плюс» – «Дельта» коронавирус нұсқасының бір түрі.


Үндістанда коронавирустың «Дельта плюс» штамы үрей туғызып отыр

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, пандемия кезінде 180 миллионнан астам адам коронавируспен ауырып, 3,9 миллионнан астамы қайтыс болды. 2,7 миллиардтан астам адам вакцина алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлыбритания Еуропаны басып озды
Ұлыбритания Еуропада коронавирус індеті бойынша бірінші орынға шықты. Бейсенбіде Ұлыбританияда Covid-19-дың 16 мыңнан астам жағдайы анықталды (өткен аптада шамамен 11 мың).
Салыстыру үшін, Францияда сол күні аурудың 2 мың жағдайы тіркелді, Германияда – 654. Осы аптада Ұлыбританияда індеттің «Дельта» нұсқасымен сырқаттанушылық екі есе артты.
Израиль қайта маска кие бастады
Израиль Covid-19 ахуалына байланысты маска режиміне қайта көшті. Бұл – жергілікті биліктің «Дельта» коронавирус штамының таралуын болдырмау мақсатында қолға алған шара.
«Дельта плюс» коронавирусы әкелген үрей
Коронавирустың екінші толқынынан кейін Үндістан шектеулерді біртіндеп алып тастайды. Алайда сарапшылар Covid-19 үшінші толқынына дайындалу керектігін айтып отыр. Үндістанда табылған «Дельта плюс» коронавирусының жаңа нұсқасы қазіргі вакциналардың әсерін әлсіретуі мүмкін деген қауіп бар.
«Дельта плюс» – «Дельта» коронавирус нұсқасының бір түрі. Дәл осы түрі Covid-19-дың екінші толқынына себеп болды. Үндістан үкіметі «Дельта плюс» нұсқасына қатысты алаңдаушылық білдірді. Егер вирус әлсіз адамдар арасында тарала берсе, болашақта мұндай нұсқалар көбірек пайда болуы мүмкін, дейді сарапшылар.
Алайда қазір жаңа нұсқадан коронавирустың үшінші толқыны пайда болатынын нақты болжау мүмкін емес. Сарапшылар алдағы бірнеше аптада бәрі өзгеруі мүмкін екенін айтады.
Сиднейдің кейбір аудандарында, соның ішінде Бонди-бич Covid-19 инфекциясының артуына байланысты кезекті рет локдаун енгізді. Жаңа шектеулер қала орталығы мен қала маңына таралады. Осылайша, Австралия билігі «Дельтаның» өлімге әкелетін нұсқасының таралуын болдырмауға тырысуда. Австралияда жұма күні коронавирус инфекциясының 16 жағдайы тіркелді. Бұл – желтоқсан айының басынан бастап Сиднейдегі алғашқы локдаун.
Британдық олимпиада құрамасының бір бөлігі Токиодағы ойындардың алдында вакцина алғысы келмейді. Бұл туралы Британ Олимпиада қауымдастығының басшысы Энди Ансон мәлімдеді. Комитет басшысы ойындардың басталуына дейін британ спортшыларының 90% астамы коронавирусқа қарсы вакцина алатынын, бірақ ұлттық құраманың кейбір мүшелері вакцинаға қарсы екенін айтты.