Баланың iQ көрсеткіші – 154.
ERNUR.KZ. Англияның Чешант қаласында төрт жасар бала IQ көрсеткіші жоғары адамдардың Mensa қоғамына мүше болды, деп жазады kaz.nur.kz.
The Mirror басылымының ақпарынша, Айзек Миллер екі жасында өз бетінше кітап оқып үйренген, қазір ағылшын, грек және араб тілдерінде жаза алады.
Ол АҚШ-тың барлық 50 штатын жатқа біледі, сондай-ақ испан тілінде онға дейін санай алады.
Жақында ата-анасынан орыс алфавитін алып беруді сұраған екен. Оның оқу дағдысы жеті жасар баламен, ал математикалық дағдылары алты жасар балалардың көрсеткіштерімен бірдей.
Сондай-ақ вундеркинд барлық планеталарды рет-ретімен атап бере алады.
Балақайдың анасы, 32 жастағы Мишель Нельсонның айтуынша, Айзек кішкентай кезінен қыдырып жүргенде көшедегі маңдайшаларда немесе қоғамдық көліктерде ілулі тұрған жазбаларды оқып үйренген.
"Адамдар оған қарап, мектепке бара ма деп сұрайтын. Мұндай кішкентай баланың оқи алатынына сенбей таңғалатын", – дейді ол.
Қазір Айзек мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқиды. Білім беру саласындағы психолог Питер Конгдон оның жалпы интеллекті өте жоғары екенін және сәйкес схоластикалық жетістіктері барын атап өтті. Баланың iQ көрсеткіші – 154.