Варшавада Жаңа жыл мерекесі тойланбайды

0
649

Мұндай шешім Украинадағы соғысқа қатысты қабылданған.


 Варшавада Жаңа жыл мерекесі тойланбайды

ERNUR.KZ. Варшава қаласының билігі Украинадағы соғысқа қатысты туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты жаңажылдық мерекелік шараларды өткізбейтін болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Варшава қаласының мэриясы Моника Беуттің айтуынша, энергетикалық дағдарысқа байланысты билік мұндай шығындарды көтере алмайды. Көршілес Украинадағы соғысқа байланысты да Жаңа жылды мерекелеу орынсыз болады.

«Біздің шығыс шекарамыздың әр жағында, яғни Украинада қатыгез, қанды, жабайы соғыс жүріп жатыр. Сондықтан қазір мұндай көңіл көтеретін мерекелерді ұйымдастыратын сәт емес», - деп атап өтті Беут.

Ол сондай-ақ, варшавалықтарды Жаңа жыл қарсаңында отшашуларды пайдаланбауға шақырды.

Қала мэриясының бастамасын Варшава қалалық кеңесі қолдады.