То Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы қарарды отырысқа қатысқан Ұлттық жиналыстың 473 депутатының 472-сі қолдады.
ERNUR.KZ. Вьетнамның Ұлттық жиналысы (бір палаталы парламент) сәрсенбі күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі То Ламды елдің жаңа президенті етіп сайлады, деп жазады inform.kz.
То Ламды Вьетнам президенті етіп сайлау туралы қарарды отырысқа қатысқан Ұлттық жиналыстың 473 депутатының 472-сі қолдады.
Саясаткердің ел президенті лауазымына кандидатурасын Вьетнам Коммунистік партиясы ОК 16-18 мамырда Ханойда өткен кезекті пленумда мақұлдады.
21 мамырда Ұлттық ассамблея Вьетнам президенті болып сайлану үшін генерал То Ламды қоғамдық қауіпсіздік министрі қызметінен босатты.
Мемлекет басшысы лауазымы осы жылдың наурыз айында Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының бекітілген қарарына сәйкес оны атқарған Во Ван Тхыонг ел президенті қызметінен босатылғаннан кейін бос қалды.