Владимир Путин Украинаға ашық түрде соғыс жариялауы мүмкін

0
814

​Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кірудегі басты мақсаты белгілі болды. Еуропаның Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Кремльдің көздегені Украинаны еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүру құқығынан айыру екенін ашық түрде айтты.


Владимир Путин Украинаға ашық түрде соғыс жариялауы мүмкін

ERNUR.KZ. Владимир Путиннің ақпан айынан бері Украинада жалғасып жатқан соғыстағы көздеген мүддесі туралы айтылды, деп жазады exk.kz.

CNN-нің жазуынша, Украина астанасы Киевке Еуропаның Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиге демалыс күндері іссапармен келген.

Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен Нэнси Пелоси өз сөзінде Владимир Путиннің күштері Еуропаның шығысындағы алып мемлекетті алуға тырысқанымен Украина өміршеңдігін жоймай, ары қарай өркендей беретіндігін атаған.

Ол Ресей басшысының соғыс басталғанға дейін алға қойған басты мақсатқа қол жеткізе алмағанын алға тартты. Ал Украина билігінің көзқарасы бойынша, Нэнси Пелосидің сапары елдің жағдайына әлемнің назарын аударады.

Қазір Нэнси Пелосидің сапары АҚШ президенті Джо Байденнің Киевке сапар жасауы мүмкін бе деген сұрақ туындатып отыр. Себебі, АҚШ президенті Украинаға келетін болса Пелосиге қарағанда сапар әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін.