Зардап шеккендер жоқ, бірақ ұшақтар бүлінді
Ыстамбұл әуежайында екі ұшақ соғысып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оңтүстіккореялық Asiana Airlines компаниясының A330 ұшағы қонған соң Turkish Airlines әуе компаниясының A321 ұшағымен соғысып қалған. Түркия әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің вице-президенті Яхья Устюнның мәліметінше, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ."Сеул-Ыстамбұл бағытымен ұшып келген оңтүстіккореялық Asiana Airlines әуе компаниясының ұшағы Ататүрік әуежайында Ыстамбұл - Эрджан бағытымен ұшуға дайын тұрған ұшақты қанатымен соғып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, бірақ ұшақтар бүлінді", - деп жазды Устюн Twitter желісіндегі парақшасында.